Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миллиардтаған ақшаның қайда кеткені белгісіз": Фариза Төреәлі төтенше жағдай кезінде блогер мен бизнесмендерден көмек сұраған билікті сынады

Танымал блогер, кәсіпкер, психолог Фариза Төреәлі су тасқыны кезінде көмекке блогер мен бизнесмендерді араластырған билікті сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Блогердің айтуынша, мемлекет төтенше жағдайға бөлген қаражатты блогер мен бизнесмендер алып жатпағанын алға тартты. 

“Елде қандай жағдай болса да, бірден әншілер мен блогерлерді кінәлайды. Мемлекет бөлген қаражатты солар қалтасына басқандай?! Олардың қолында билік бар ма?! Не депутат, не министр көретін адамдар тобы бар. Жыл сайын айналып келіп, сбор жинаймыз. Көмектесуден қашқан емеспіз. Бір-бірімізге жанашырмыз. Бірақ неге бір нәрсе қайталана береді?! Себебі түпкі жемқорлық мәселесі шешілмеген. Миллиардтаған ақшаның қайда кеткені белгісіз. Әркім өзі жауап береді. Саясатты айтуды ұнатпаймын. Бірақ әнші мен блогерлерді айыптағанды доғарайық!”, – деп жазды блогер. 



Сонымен қатар блогер оқырманының ойын толықтырып, төтенше жағдай кезінде бизнесмендерге тиіспеуге шақырды. 

“Салық пен айыппұл, сотталғандардың елге қайтарып жатқан ақшалары, зейнетақы қорлары қайда?! Тіпті бизнесмендерге қомақты ақша бөліңдер депті. Еңбек етіп, табыс тауып жүрген бизнесмендерге тиіскіш. Ал қалтасына ақша басқан адамдар, рахаттанып жүрген шығар?! Саясатқа араласқанды ұнатпаймын, бірақ жеке басыма тиісіп жатыр. Сосын айтуға тура келді. Қаншама жылдан бері келе жатқан жүйе. “Біз бірдеңе дегеннен өзгерсе, шіркін?!” дегендерді қамап жатыр”, – деп күйінді Фариза. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Еске салайық, актер Еркебұлан Тоқтар су тасқынынан зардап шеккендерге ақша жинауға қарсы шыққанын жазған едік. 

Талқылау