Жүз баланың көңілін көтерді: Сабина Алтынбекова мен жолдасы үйлену тойын балалар үйінде тойлады (видео)
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мен оның күйеуі Саят Салманұлы үйлену тойын Алматы облыстық №1 балалар үйіне барып тойлады.
Бұл туралы белгілі блогер Бейбіт Әлібеков өзінің Instagram парақшасында жазды.
Блогер өзінің аккаунтына балалар үйінің алдында түскен жас жұбайлардың суретін жариялады. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар 100-ден астам баланың көңілін көтерген.
«Жастарға бақыт тілеймін. Саят пен Сабина керемет үлгі көрсетті. Пандемия кезінде үйлену тойын 100-ден астам баламен көңіл көтеру арқылы атап өтуге болады», - деп жазды Әлібеков.
Көптеген желі қолданушылары жас жұбайлардың әрекетіне таңданыс білдірді.
«Қош келдіңіз, жарайсыңдар балалар, сендерге бақыт тілеймін». «Жарайсыздар!» «Әдемі көрініс, сауапты іс» деп жазды олар. Алайда наразы адамдар да табылды.
«Адамдарға көрсету үшін жақсылық жасағанды қашан қояды? Менің ата-анам мен туыстарым мұны жыл сайын барады және оны ешқайда көрсетпейді. Егер жақсылық жасасаңыз, жасырын жасаңыз!», деді кейбірі.
БАҚ әлемдегі ең әдемі волейболшылардың бірі деп атайтын Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлы күні кеше некесін қиды. Жас жұбайлар тойын шағын ғана адаммен атап өтті.
Саят Салманұлы (Тостықбаев) 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Ол қазақстандық «Круиз» комедиялық фильмінің продюсері. Тостықбаев пен Алтынбекованың үйленгені туралы белгілі болғаннан кейін бірден Instagram-дағы аккаунтын өшірген. Саяттың 24000-нан астам жазылушысы болды.