Сабина Алтынбекова мен жолдасы тойын шағын адаммен атап өтті (видео)

Күні кеше мұсылманша некесін қиып, шаңырақ көтерген Сабина Алтынбекова мен жолдасы Саят Тостықбаев салтанатты күнді шағын ғана адаммен атап өтті. 

Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққаны туралы сүйінші хабарды өзі айтты. Көпшілік үшін бұл тосын жаңалық еді. Жанкүйерлері оны Қуат Хамитовпен қатынаста деп ойлап жүргенде, спортшы қыз өзге жігіттің етегінен ұстады. 

Алтынбекованың қазақстандық продюсер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Жас жұбайлар аз ғана адаммен мерекелі күнді атап өтті. 

Желіде қуанышты сәттің видеолары тарады. Видеодан байқағанымыздай, Алтынбекова енесіне торт жегізіп, алғысына бөленіп жатыр. Бұл өміріміз торттай тәтті болсын деген ырым. 

 

Тойдан актер Дәурен Айдарқұловты көруге болады. Әзілкеш жас жұбайларды құттықтап, қуанышқа ортақтасып жүр. 

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова продюсер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шықты. Қуат Хамитов Алтынбекованың тұрмысқа шыққанына қатысты пікір білдіріп, шын жүрегімен құттықтауын жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр