"Сен қашып кеттің": Қуат Хамитов Алтынбекованың тұрмысқа шыққанына қатысты пікір білдірді

Спортшы Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққандығы туралы жаңалықтарға түсініктеме берді.

Еске салайық, бұған дейін «Найман» лақап атымен танылған спортшы Сабина Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көргісі келетінін көпшілік алдында мәлімдеген еді.

"Әй, Сабина, Сабина, мен сені қуа бастап едім, сен қашып кеттің. Менің құттықтауымды қабыл ал! Шын жүректен саған бақыт тілеймін! Сен керемет адамсың. Ал біздің барлық қыздарымыз сендей сүйкімді де әдемі болсын. Сен үлгілі әйел және жақсы ана боласың!", - деп Хамитов волейболшыны құттықтады.

Сабинаның желідегі оқырмандары «Найманға» сілтеме жасай отырып көптеген пікірлер қалдырды. Кейбіреулер ол өз мүмкіндігін жіберіп алды деп жазды, ал басқалары Қуат Хамитов мұндай соққыны күткен жоқ деп пікірін білдірді.



Жанкүйерлері Алтынбекова мен Қуат Хамитпен қарым-қатынас жасады деп санады. Теледидар бағдарламасының эфирінде спортшы Алтынбекованы ұнататынын, оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтты. Кейінірек Сабина Алтынбекова «Найманмен» кездескн емеспін және оны өмірінде бір рет қана көрдім деп жауап берді.

Сабина күні кеше мұсылманша некесін қиып, ақ келін атанды. Алтынбекованың күйеуі - 32 жастағы продюсер Саят Тостықбаев. Желіде ол туралы ақпарат аз, тек оның қазақстандық «Круиз» комедиясының продюсері болғаны белгілі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр