Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 жыл күткен баламын": Фариза Төреәлі туған күнін Парижде тойлады

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі туған күнін шетелде қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Желі жұлдызы 23 жасқа толды. Достары мен оқырмандары жаппай жылы лебізін білдіріп, туған күн иесіне ақжарма тілегін жаудырып жатыр. 

“Әр жақсылық үшін әуелі Раббыма, өмір сыйлаған ата-анама, Алла қосқан жарыма, жаныма ең жақын жандарыма, тәп-тәтті қызым мен сіздердей оқырмандарым барына мыңдаған шүкіршілік. Өмірге келген миссиямды Аллам ең әдемі, көркем әрі жеңіл түрде атқаруды нәсіп етсін. Қоғам үшін, үммет үшін Алла жолында жасайтын әлі қызмет көп. Осы жасымды махаббат қаласында қарсы алуды бұйыртыпты ғой, Аллам”, – деп жазды блогер. 



Өнерлі отбасында дүниеге келген Фаризаға ағасы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі де тілеулес болып, жүрекжарды лебізін жеткізді. 

“Дарханның жары, Дараның анасы туған күн – біз үшін мереке. Менен кейін асықпай, 10 жылдан кейін дүниеге келген қыз. Келгенде де жай келмеген қыз. Қорқыт бабамыз ұқсап бәрімізді қорқытып, үркітіп,сәуегейлерге “әй мынау тегін қыз емес” дегізген қыз. Төл мерекең құтты, денсаулығың мықты болсын, ботақаным! Даратайдың әкесімен қос дүниеде қол ұстасып, елдің елеулісі, халықтың қалаулысы болыңдар!”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, Фариза Төреәлі “Мешіт емес, мектеп сал” деген ауыл тұрғындарына ренішін жеткізді.

Бұған дейін, блогер мен күйеуі мешіт салып жатқанда оқыс оқиғаға тап болған еді. 

 

Талқылау