Павлодарда асырап алған қызын он жасынан бастап зорлаған орманшы өзін өзі атып өлтірді
Павлодар облысында 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адам өз-өзін аңшылық мылтықпен атып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Павлодар облысы Железин ауданында 16 жастағы қыз дәрігерлерге қаралып, кезінде оны қамқорлығына алған орманшы өзін 10 жасынан бері зорлап келе жатқанын мәлім еткен.
Деректерге сүйенсек,16 жастағы қыздың зорланғаны балалар үйінде гинекологиялық тексеру кезінде анықталған. Содан кейін қыз өзінің қамқоршысы болған ер адаммен 10 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскенін растаған.
Бұл ақпарат бірден полицияға жіберілді. Құқық қорғау органдары орманшы болып жұмыс істеген күдіктінің үйіне келгенде, ол аңшылық мылтықпен өз-өзін атып өлтірді.
"Кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, осы факт бойынша полицияға жүгінгенін біліп, ол өзін-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда",-деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.