1 шілдеден бастап қазақстандықтар төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека ала алады
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотекаға бастапқы жарна ретінде 30%-дан көп төлеген қазақстандықтар 1 шілдеден бастап төменірек мөлшерлеме алатынын мәлімдеді. Ең жоғары мөлшерлеме 20%-ға дейін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме жылдық 25% деңгейінде. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оны 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет тырысқан.
"Біз банктермен және агенттікпен жұмысты жалғастырып жатырмыз. Өйткені бұл тек Ұлттық банктің шешімі емес. 1 шілдеден бастап екі мөлшерлеме болады: 25% және 20%. Қарапайым түрде айтсақ: егер бастапқы жарна 30%-дан асса, ең жоғары мөлшерлеме 20% болады. Ал егер 30%-дан аз болса, мөлшерлеме 25%-дан аспауға тиіс", – деді ол.
Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша техникалық жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сүлейменов мамыр айында тиісті шешімнің жобасы жарияланатынын хабарлады.
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді
"Қара риэлторлар" ісі бойынша қанды істерді зерттедік
