1 миллиард теңгеге жуық ұрлаған: "Қазарнаулыэкспорт" басшылары сыбайлас жемқорлыққа қатысты ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады. Олар 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде ақша жымқырған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған. Алайда бұдан басқа деректер әзірге жария етілмеді.
"Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның мақсаты – ҚР қарулы күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына көмек көрсету. Одан бөлек мекеме мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілеті мен құқықтық тәртіпті сақтауды да алдыңғы міндет еткен.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”