Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдік рейтингте жемқорлық белең алған елдердің қатарына қосылды

Қазақстан жемқорлық бойынша әлемдік рейтингінде ең нашар елдердің қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан жемқорлықтан таза елдер рейтингінде 87 елдің ішінде тек 75-орынға тұрақтаған. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек Қазақстан Гватемала мен Кения арасында тұр.

Ал Өзбекстанда Қазақстанға қарағанда жемқорлық аз, ол 68-орында. Сонымен қатар Украина 48-орын, Әзірбайжан 62-орынға жайғасты. Ал Ресей рейтингте ең соңғы орында, оның алдында – Иран.

Жемқорлық өте аз елдердің алғашқы ондығына Швейцария, Канада, Швеция, Австралия, Нидерланды, Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия, Бельгия және Норвегия кіреді.

Зерттеу барысында 17,5 мың адамнан сауалнама алынған.

Талқылау