Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 миллион 440 мың теңге төлеуге міндеттеген": Сот алғаш рет Instagram желісіндегі Reels ұрлығы үшін өтемақы тағайындады

Ресейлік сот жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Сергей Б-ны әріптесі Юлия О-ның Reels идеясын ұрлағаны үшін 1 миллион 440 000 теңге (300 мың рубль) өтемақы төлеуге міндеттеді. Блогердің адвокатының айтуынша, ол видеоны "басынан аяғына дейін" көшіріп алған. Нәтижесінде шығын 2 миллион 400 000 теңгеге (500 мың рубль) бағаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: popularnews.ru

Осы соттан кейін оларға Instagram желісінде 100 мың және 70 мың адам жазылған. Mash мәліметінше, блогердің "ипотекалық несиені төлегеннен кейін не істеу керек" деген видеосы 11 миллион қаралым жинаған.

"Менің клиентім оның рилзін сөзбе-сөз көшіріп алған тағы бір риэлтор бар екенін білді. Бұл жай ғана идея емес. Бұл – менің клиентімнің басынан аяғына дейін өзі жасаған шығармашылық жұмысы.  Ал басқа риэлтор бірдей қимылдар жасап, оның әрекетін қайталайды", – деді адвокат.



Алайда Сергей Б-ның қандай рилз идеясын пайдаланғаны туралы ешбір жерде көрсетілмеген.

Заңгердің айтуынша, мұндай жағдайлар әдетте хэштег арқылы контентті іздеу кезінде анықталады. Контентті заңсыз пайдаланғаны туралы ақпаратты Юлия О-ның жазылушылары жіберген:

"Бізде айыптау болған жоқ, азаматтық іс болды. Сондықтан ол –жай ғана жауапкер. Одан контентті өшіруді сұрағанда ол жай ғана рилзді өшіре салды. Бұл кінәсін жанама түрде мойындау болып саналады”, – деді Лисецкая.

Айта кетейік, бұған дейін Әлеуметтік желіде Madlen лақап атымен танылған Мадина Мамадалиева белгілі әзілкеш, стендапер Нұрасқан Басқожаны жеке басыма тіл тигізді деп айыптағаны туралы жазған едік. Әзілкеш стендап сахнасында жемқорлық туралы әзіл айтып, сөз арасына блогердің атын қосқан. 

Талқылау