Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 адам күдікті деп танылды: Прокуратура "Almaty" хостелінде 13 адамның өмірін қиған өртке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты

Алматы қаласының прокуратурасы 13 адамның өмірін жалмаған хостелде болған өртке қатысты қосымша дерек бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы хостел 5

Прокуратура ұсынған ақпаратқа қарағанда, осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелген. 

“Аталған қылмыстық іс бойынша 1 адам күдікті ретінде танылды. Қазір Алматы қаласы прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру өтіп жатыр”, – деп мәлімдеді прокуратура. Тергеудің қорытындысына сай заңды процессуалдық шешім қабылданады.



Еске салсақ,  2023 жылғы 30 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, 13 адамның қаза тапқаны туралы жазған едік. Қаза тапқандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар. Кейіннен президент Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, ал Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 1 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді. 

Оқиға орнына келген Алматы әкімі Ерболат Досаев жатақхананың заңсыз жұмыс жасағанын айтқан. Әкімдіктің мәліметінше, өртенген “Аlmaty hostеl” жатақханасы кепіл ретінде банктердің біріне тиесілі. Жатақхана осыдан 1,5 ай бұрын жалға алынған жертөлені заңсыз ауыстырып ашылған. Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиғаның түрлі нұсқасы қарастырылып жатыр. Нақты себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылған.

Талқылау