Тоқаев Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы хостелде қаза тапқан Қазақстан және шетел азаматтарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты.
“Қайғылы оқиғаға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды”,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. 56 адам мектепке уақытша орналастырылды. Өртенген хостелдің 1,5 ай бұрын ашылғаны белгілі болды, онда шетелдіктер тұрып келген. Әкімдіктің мәліметінше, қаза тапқандар арасында 11 қазақстандық және екі шетелдік азамат бар.
Сондай-ақ куәгерлердің Алматыдағы хостелде не себепті көп адам ажал құшқанын айтқаны туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады