Алматыда тұрғын үй аумағында іш киіммен, қолында пышаққа ұқсас зат ұстап жүрген ер адам жұртты шошытты

Желіде Алматыда қолына пышақ ұстап тұрғын үй аумағында тек іш киіммен, жалаңаштанып жүрген ер адам жұртты шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғын желіде ер адамның видеосын жариялады.
“Міне, дәл қазір Бұқар Жырау көшесіндегі терезеден көрініс осындай. Біздің үйдің қасында өте біртүрлі ер адам жүр. Іш киімде жүр, өте біртүрлі әрекет. Мына жігітте бәрі дұрыс па екен? Алаңдауға себеп бар ма?”, – деп жазды.
Қала тұрғындары да видео астында алаңдаушылық білдірді.
“Масқара тез полиция шақыру керек”, “Қорқынышты, балалар жүрсе не болмақ?”, “Мәссаған, ол тұрақта жүрді ме сонда? Шок болып тұрмын. Жанында мектеп те бар ғой, тіпті бірнеше мектеп бар”, – деп жазды тұрғындар.
Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында ер адамның іш киіммен, пышаққа ұқсас зат ұстап, Бұқар Жырау көшесімен жүріп бара жатқан видеосы анықталғанын хабарлады.
Оқыңыз“Полицейлер видеодағы ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады. Бұл – 1990 жылы туған шетелдік азамат. Ұсталған сәтте өзін мәдениетсіз көрсетті. Іс-әрекетіне нақты түсініктеме бере алмады. Аталған азамат көрсетілген аумақта орналасқан ұйымдарға қатысы жоқ", – деп хабарлады департаменттен.
Қазіргі уақытта ер адам қабылдау-тарату орталығына орналастырылған.
"Көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды. Тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп қосты полиция.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды