Шерзат Полат ісі бойынша сотталған екі адам өздерін толық ақтауды сұрап Жоғарғы сотқа шағымданды

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар өздеріне шығарылған үкіммен келіспей, ақтауды сұрап Жоғарғы сотқа шағым жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев желіде бұл хабармен бөлісті. Айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов өздерін толық ақтауды талап етіп отыр.
“Бұл кассациялық шағымды қазір ғана алуға мүмкіндік туды. Ал сот ертеңге тағайындалған екен. Сондықтан құрметті достар, бізді қолдап отырыңыздар. Атап айтқанда, 15 жылға сотталған Тоқтаубаев Азамат, 7 жылға сотталған Дидар Қалиахмет ақтауды сұрап отыр. Бізді қолдап кетіңіздер, әділдік әрдайым биікте болсын!” – деді ол.
-
Шерзаттың оқиғасы қайталана жаздады: Арыста бір топ жігіт дүкендегі сатушы мен інісін сабап кеткен
- "Екі баланың анасын пышақтап өлтіріп, өзі 25-қабаттан секіріп кеткен": Астанада қылмыс жасағанын "ұмытып қалған" күдіктіге қатысты сот өтуде
Еске салсақ, қайғылы жағдай 2024 жылғы 4 қазан күні Талғар қаласында болған еді. 16 жастағы Шерзат Полат әкесіне дүкенде көмектесіп жүргенде өлімге әкелетін жарақат алған. Сатып алушымен жанжалдау қолма-қол төбелеске ұласқан, онда пышақ қолданылған. Жасөспірім және оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев жараланған, Шерзат ауруханаға жетпей қаза тапты.
Тергеуді ішкі істер министрі жеке бақылауға алған. 5 маусымда сот тоғыз адамды кінәлі деп таныған. Абзал Шынасыл 23 жылға, Равиль Сакиев 20 жылға, Азамат Токтаубаев 15 жылға, Нуркияс Ільясов 9 жылға, тағы төртеуі – әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Кәмелетке толмаған қатысушы 1,5 жылға сотталып, кейін босатылған. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған. Тергеу кезінде белгісіз адамдар Шерзаттың отбасының үйін өртеп жіберген. Ал желтоқсанда Талғарда оның ағасының мәйіті табылған. Ресми нұсқа бойынша, ол өзіне қол салған.