Екі көлік басып өткен бала аман қалды (видео)
Бүлдіршін екі бірдей көліктің астына түсіп аман қалған.

Жас бала қаптаған көлік арасына жүгіріп шығып, көліктің астына түскен. Youtube желісіне жүктелген бұл видео әлеуметтік желіде кең таралып жатыр. Джип көлігі кездейсоқ жүгіре шыққан баланы басып өтеді. Видеодан баланың үстінен екінші көліктің де жүріп өткені байқалады. Алайда, сәби көліктер жүріп өткен соң қайта тұрып қозғалады. Екі көлік те бүлдіршінді байқамағанға ұқсайды.
Кейін жүгіре жеткен анасы көтеріп алып кеткен. Оқиғаның қай елде болғаны белгісіз. Желі қолданушылары жас сәбиді періштесі қаққанын жазып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Кентаулық жігіт шеруде қарт ардагерді арқалап жүрді (фото)
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.