Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентаулық жігіт шеруде қарт ардагерді арқалап жүрді (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысында кеңінен аталып өткен Жеңіс мерекесінде кентаулық жігіт қарт ардагерді арқалап жүрді.

20170510131926

Салтанатты шарада 90 жастағы ардагерді арқалап жүрген Әділбек Қайырбеков – Жастар орталығының инспекторы.

Бұл көріністі Кайрат Зайнишев есімді қала тұрғыны суретке түсіріп жариялаған.

20170510131849

Ұйымдастыру жұмыстарының басында жүрген Әділбек Қайырбековке ардагерлерді алып жүру ісі тапсырылыпты. Ол жасы 90-ды алқымдаған ардагердің өздігінен еркін қозғала алмайтынын біліп, қарияны арқасына көтеріп алған. Мереке біткенше арқалап алып жүрген. Ардагердің: «Балам бұның қалай болар екен» дегеніне, ол: «Ата сіздей бейбіт өмір сыйлаған ардергерді арқалаудан арланбаймын. Қайта мақтан етемін», – деп жауап қатқан. Осылайша кентаулық азамат өзге жастарға үлгі боларлықтай өнегелі іс жасаған.

Тағы да оқыңыз:

Таразда Головкиннің құрметіне ашылған дүкен бар

Бауыржан Момышұлы туралы қызықты 13 дерек

Рахымжанмен бірге Рейхстагқа ту тіккен Гриша әділетсіздікке шыдамай асылып өлген

 

Талқылау