Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатпақ: Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау жасайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жолдаудың қандай тақырыптарға арналатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.
«2 қыркүйекке жоспарланған халыққа жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деді президент.
Естеріңізге сала кетсек, жолаушыны зорлаған Тальго жолсеріктерінің оқиғасы Қазақстан қоғамында резонанс тудырған болатын. Себебі, оларды судья 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, жыл басынан бері Қазақстанда 800 әйелдің зорланғаны белгілі болды. Мәжіліс депутаты Дания Еспаева да зорлық-зомбылықты ауыр қылмыс деп тануды сұрады.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”