Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермелеген: Грузия бас прокуратурасы қазақ қызының өлімі туралы мәлімет берді

Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың өліміне күдікті ұсталды. Ол қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермелеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Грузия басылымына сілтеп хабарлайды.  

Істің егжей-тегжейін Грузия бас прокуратурасында хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, 5 мамырда күдікті қызды зорлап, өлтіремін деп қорқытқан.

Зардап шеккен қыз ауыр психологиялық соққы алып, өзіне қол жұмсаған. Алтыншы мамырда күдіктіні полиция қолға түсірді.

"Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан зорлау" және "жәбірленушіні қорқыту немесе оған қатыгездікпен қарау не оның ар-намысын немесе қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды".

Сегіз жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді. Қылмыстық іс қазір тергеу сатысында.

Қамауда отырған күдіктіге Тбилиси қалалық соты бұлтартпау шарасы ретінде іске тіркеді. Іс бойынша алдын ала тыңдау 23 маусымда өтеді.

Іс жыныстық қылмыс туралы болғандықтан, сот отырыстары жабық режимде өткізіледі және БАҚ өкілдері сот отырысына қатыса алмайды. 

Еске салсақ, 6 мамыр күні Қазақстандық қыз Грузияда қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның Грузияда қайтыс болғаны жайлы мәліметті немере ағасы айтып берді.

Талқылау