Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Zoom-дағы порно: Қазақстандықтар сабақ туралы мәліметті Telegram-ға салуда

Қазақстанда ZOOM-дағы сабақтар туралы деректерді: сілтемесі мен паролін салатын Telegram-канал пайда болды. Онда сабақ кезінде порнографияны қосу туралы сөз болатын көрінеді. Бұл туралы қазақстандық белсенді Павел Александров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

телеграм

Павел Александров Қазақстанда миллиондаған баланы оқыту құралдары "сәтсіз" таңдалғанын атап өтті.

"Мамандандырылған қауіпсіз платформалардың орнына тегін Zoom және WhatsApp таңдалды. Сонда сандық платформаларды дамытуға жұмсалған қомақты ақша қайда кетті? Ал енді Telegram арнасында мыңдаған оқырманы бар ондаған топ ашылған. Онда сабақтар туралы қоңыраулар, соның ішінде парольдер мен сілтемелер және оқушылардың аты-жөні толық көрсетілген. Кез-келген адам Zoom-да өтіп жатқан сабақта біздің балаларымызға порно қоса алады. Кәмелетке толмағандарға осындай жөнсіздік танытып отырғандар үшін  біреу жазалана ма?"- деп жазады Павел Александров Facebook-те.

Айта кету керек, Telegram-да ZOOM-дағы сабақтар туралы мәліметтер мен конференцияға қосылу үшін парольдер, кодтар және сілтемелер жіберетін арна бар. Сондай-ақ, хабарламада уақыт, сынып нөмірі және қала тіркеледі. Чатта Қазақстан мен Ресейден үш мыңға жуық оқырман бар. Олар бір-бірімен белсенді араласады.


Олар "Дауысты қосыңдар", "Мұғалімдеріңнің дені дұрыс емес", "Кіріп тұрамыз?" деген сынды мазақ сөздерін жазып қалдыратын көрінеді. 

Павел Александров осындай Telegram-каналдарды қалай тапқанын және олардың неге қауқарлы екенін түсіндіріп өтті.

"Мен бұл туралы Facebook-тен білдім. Балалар бізден бұрын біледі, ақпарат бәріне қол жетімді. Мұның соңы жақсылыққа апармауы мүмкін. Біріншіден, балалар ұятсыз бейнелерді көрсету нысанына айналды. Одан да жаманы, олар қазір тікелей қауіптің астында. Педофилдер немесе зорлаушылар білім министрлігінің ресми платформасын қолдана отырып, қажетті ақпаратты ала алады. Яғни, осы арнаға кіріп, содан кейін сабаққа Zoom-ға кіріп, оқушының аты-жөнін, фотосуретін қарап, мекенжайын білуге болады. Миллиондаған оқушыларға қауіп төнуі мүмкін. Ал білім министрлігі балаларға қарсы қылмыстың "сыбайласы" болып шығады", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан тұрғыны оқушылардың онлайн сабағында порно көрсетілгенін айтқан еді. Осы оқиғадан кейін білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари онлайн сабақтар кезінде порно роликтерді қосу мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Талқылау