Қазақстанда жол жөндеуге қосымша тағы 10 миллиард теңге жұмсамақ болған
Көлік прокурорлары республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеуге бөлінген шамамен 10 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалмақ болғандарды тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, жол жобаларын тексеру кезінде республикалық автожолдарды жөндеуге бөлінген қаражатқа қатысты бірқатар мәселе анықталған.
Ресей шекарасы (Самара бағыты) – Шымкент автожолын орташа жөндеу кезінде кейбір учаскелер басқа бір жоба – Ұлғайсын-Сексеуіл жолын қайта жаңғырту жоспарына да кірген. Осыған байланысты прокуратура жұмыстың көлемін қайта қарауды талап етіп, нәтижесінде 7,1 миллиард теңге үнемделген.
Ал Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы жолын күрделі жөндеу жобасында кейбір материалдар мен жұмыстардың бағасы дұрыс есептелмеген.
Прокуратураның ұсынысынан кейін смета қайта есептеліп, жобаның құны 21,6 миллиард теңгеден 18,9 миллиард теңгеге дейін төмендеген.
Осылайша, прокуратура 9,8 миллиард теңгенің тиімсіз жұмсамақ болғандарды тоқтатқан.
Бұған дейін, мәжіліске үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі енгізілген еді. Төраға орынбасары Дания Еспаева бюджетте 335 миллиард теңге тапшылық бар екенін мәлімдеді.
