Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыстан шығарылған Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры сот арқылы қызметіне қайта орналасты

Астана соты Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыстан шығарылған директоры Ғалымжан Жусанбаевты қызметке қайта алу жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жусанбаев

Фото: anpz.kz

Жусанбаевтың арызы Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Ол еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты жарамсыз деп танып, қызметке қайта орналастыруды сұраған. 

"Арыз жазуының себебі еңбек шарты сынақтан өту кезеңінде және уақытша еңбекке жарамсыз болған кезде бұзылған. Сот анықтағандай, еңбек шартына сәйкес арызданушыға 6 ай сынақ мерзімі тағайындалған. Бірақ шарт бір айдан кейін бұзылған. Бұл құқықтық қатынасқа қатысты еңбек заңнамасы бар. Еңбек кодексінің 36-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің жұмыс орнына сәйкес келуін тексеру үшін сынақ мерзімі тағайындалуы мүмкін", – делінген сот шешімінде. 

Ал аталған кодекстің 37-бабы бойынша сынақ мерзімі кезінде жұмыс нәтижесі теріс болса, жұмыс беруші себебін көрсете отырып, алдын ала хабарландыру жіберу арқылы ғана шартты бұза алады. 

"Аталған жағдайда жұмыстың теріс нәтижесі болмаса да қызметкер жұмыстан шығарылған. Сот шешімімен арыз қанағаттандырылды. Сот қызметкердің сынақ мерзімі кезінде біліктілігі жетіспейтіні дәлелденбегендіктен, арызданушының құқығы бұзылды деп таныды. Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты жарамсыз деп танып, Ж. есімді азаматты бас директор қызметіне орналастырсын, жұмыссыз қалған кезең үшін 12 352 000 теңге көлемінде жалақы беріліп, моральдық өтемақы ретінде 100 мың теңге төленсін", – делінген шешімде. 

Ғалымжан Жусанбаев пен зауыттың бас инженері Әділет Шошанбасов комиссия тексерісінен кейін қызметтерінен босатылған еді. 

Талқылау