"Жұмысшыларды балағаттаған": Ресейлік менеджерге наразылықтарын білдірген "Қазфосфат" қызметкерлері ереуілге шықты (видео)
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдарының басқаруындағы "Қазфосфат" зауытының қызметкерлері ереуілге шықты. Олар Ресейден келген менеджерге қатысты наразылықтарын білдірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ басылымына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері Ресей азаматының қызметтен кеткенін мәлімдеді.
"Қазфосфат" зауыты қызметкерлерінің ереуілі нәтижесінде Ресей азаматы жұмысшылар алдында кешірім сұрап, қызметінен қуылды. Сонымен қатар жұмыс тобы құрылып, қызметкерлердің талабы мен ұсынысы аясында тергеу жүреді. Ешқандай ұлтаралық жанжал болған жоқ. Зауыт штатты режимде жұмыс істеп тұр", – деді Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері.
Кей ақпаратқа сәйкес Ресейден келген менеджер жергілікті жұмсышыларды балағаттаған. Сонымен қатар ереуіл кезінде зауыт қызметкерлері еңбек жағдайы мен жалақыға қатысты өз талаптарын жеткізді.
Оқиға орнына құқық қорғау органының қызметкерлері тартылып, келіссөз жүргізілді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”