Жұмыс талап еткен Жетібайдың тұрғындары аштық жариялауын тоқтатты
Жұмыс талап етіп, аштық жариялаған Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары акцияларын тоқтатты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін жиынға қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысының тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша жұмысты одан әрі жалғастыратын болады", - делінген әкімдіктің мәлімдемесінде.
Еске салайық, Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары аштық жариялап, мұнай саласына жұмысқа тұруды талап еткен болатын. Бұған дейін Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары жолды жауып тастағаны жазылған.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады