Жұмбақ өлім: Қылмыскер 28 жылдан кейін ұсталды
Қытайдың Нанкин қаласында 28 жыл бұрын жасалған кісі өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1992 жылдың 24 наурызында Нанкин канализациясынан медициналық мектеп студентінің денесі табылған. Тегі Линь екені анықталған қыз аяусыз өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді табуға көмектесетін ақпарат үшін 10 мың юань марапат жарияланды. Алайда, қылмыскер табылмады.
2020 жылдың 23 ақпанында Сюйчжоу қаласының полиция өкілі Нанкинг полициясына жүгінді. Ол Сюйчжоу қаласының тұрғыны, 54 жасар ит саудагері Маның Линьді өлтіруі мүмкін екенін хабарлаған.
Сол күні ер адам ұсталып, оның ДНҚ-сы 1992 жылы жиналған дәлелдемелердегі ДНҚ іздерімен салыстырылды. Сәйкестік оның қылмыс орнында болғанын растады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар