Жұлдызай Дүйсенбиева: "Мамандықтан да, өмірлік жар таңдаудан да қателеспедім"
Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өмірде өз орнын тапқанын айтып, мақтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Адам мамандық таңдауда және өмірлік жар таңдауда қателеспеу керек дейді. Шүкір, қателеспедім деп ойлаймын. Екеуі де орнында. Өз мамандығымды жақсы көремін. Түсірілім алаңында өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. 4 айға созылған түсірілімдерді аман-есен, абыроймен аяқтадық. Сағынып қалмаңыздар, мен демаламын-ау. Сәл демалып алайын, жақсы жағалықтар көп”, – деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

Айта кетейік, бұған дейін актриса күйеуінің туған-туысымен қоштасып, дүниеге жалғыз қызы Аянаттан басқа перзент алып келе алмайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ ол денсаулығы сыр беріп, Өзбекстанда ота жасатпақ болғанын да жасырмады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”