Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдыз ғана жетпей тұр": Желіде Қайрат Нұртастың балаларымен қыдырып жүрген видеосы тарады

Ел аузында  өнері мен өмірі жиі талқыға түсетін Қайрат Нұртас балаларымен қыдырып жүрген сәтін жеке парақшасына жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/

Астананың ойын-сауық орталығында өнер иесі 4 баласымен демалып жүр. Желі қолданушылары видеоны қалт жібермей, түрлі пікір жазып жатыр. Араларында балалардың анасын іздеп жатқандар да табылды. 

“Қайрат пен Жұлдыз қатар жүрсе, қуанамын, бөлек жүрсе, мұңаямын”, “Балалармен қыдырған жақсы, бірақ анасы ғана жетпей тұр”, “Балалардың жанары мұңды екен”, “Қыздары ерте жастан шаштарын бояп алыпты. Жұлдыз не қарап жүр екен?!”, “Қайрат істеген істеріне өкінетін сияқты”, “Еркек қатесін кеш түсінсе де, жақсы ғой, түсінбейтін еркектер де бар”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 



Сонымен қатар аналарының балаларымен бірге қыдыруға шықпағанының себебі де жоқ емес. Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова дәл қазір Атырау олыстық театрында іссапармен жүр. Оны да актрисаның оқырманы айтты. 

“Жұлдыз Атырауға спектакль қоюға кетті”, “Қайраттың әйелін қолдаймын. Істеп жүрген әрекетінің бәрі дұрыс. 10 жыл үйде отырды. Қайрат бойдақ болып, сахнада жүрді. Қыздармен жабысып тұратынын талай көрдік. Соның бәрі әйелі мен балаларына ауыр тиді. Қайраттың ақшасын мамасы ұстайды. Ол да келіннің көңіліне тиетін нәрсе. Жұлдыз басқа қалаға қоныс аударып дұрыс істеді”, – деп жазды желі қолданушысы. 

 

Талқылау