Жұлдыз Әбдікәрімова үйлену тойы мен жүкті кезінен ерекше суреттер жариялады
Актриса, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова 10 жыл бойы сыр сандықта сақтаған құпияларын ашуды жалғастыруда. Бұған дейін ол елден жасырынып жүрген уақытында немен айналысқанын әңгімелесе, бұл жолы Қайрат екеуінің үйлену тойы мен балаларына жүкті кезінен ерекше кадрлар жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әбдікәрімова құпияның шетін Instagram парақшасында ашты. Қайрат пен Жұлдыз 18-19 жастарында отбасын құрған болатын. Бүгінде төрт бала тәрбиелеп отырған жұлдызды жұптың отасқанына 15 жылдан асты. Дегенмен тойдағы суреттерді жария етудің реті енді келген сыңайлы.

Одан бөлек, Әбдікәрімова жүктілік кезеңдеріндегі ерекше фотоларымен бөлісті.

Сондай-ақ отбасымен демалысқа шығып, ерекше бақытқа бөленген сәтін көпшілікке көрсетті.

"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”