Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбаныш Жексенұлы Ninety one тобының "сатқындығы" жайлы айтты

Жұбаныш Жексенұлы Ninety one тобының "сатқындығы" туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz Тимур Балымбетовтың "Ашығын айтқанда" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұбаныш Жексенұлы 91 тобының әндерін, өнерін бағалайтынын атап өтті. Талай сынға ұшыраған жігіттердің сыртқы келбеті мен киіну стилі нағыз өнерді бағалауға кедергі келтірмеген. 

Алайда топтың атышулы "Құрттың ғо тағы" әнінен кейін Жексенұлы иглздар қатарынан кеткен. Ол арзан хайп үшін тілді қорлаған жігіттерге ашулы.

"Мені ренжіткен өзінің әкесінің бабасы сөйлейтін тілді мазақтап, қорлағаны... "Ол сөзді айтпадық, мына сөзді айттық" дейді... Оны хайп дейміз бе, не деп айтамыз?


Танымал актер өзінен 8 жас үлкен актрисаға құда түсті (видео)


"Құрттың ғой тағы" деген сөзді таза айтпай, жалпы ол әнге ондай сөз қоспай-ақ қойса да болар еді. Маған ол ұнамайды, мен оны мазақтау деп ойлаймын. Бір сұхбаттарында: "Біздің шығармашылығымызда шындық болуы керек. Біз айтпасақ та, халық солай сөйлейді ғой", – деп айтыпты. 

Үлкен қылмыс емес, бірақ сатқындық деп ойлаймын. Хайп үшін бүкіл бабасы сөйлеп келген тілді қорлау, ана сөзді миллиондарға айта салу... Жаман сөз айтқан жоқпыз деп мені таңғалдырады. Сол нәрсе мені ренжітті, содан кейін тыңдамай қалдым", – дейді Жұбаныш Жексенұлы.
 

Талқылау