Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Қазақстанда латын әліпбиінің не үшін қабылданбай отырғанын түсіндірді

латын әліпбиі
Фото: ChatGPT

Қазақстанда латын әліпбиіне көшудің нақты мерзімі әзірге белгіленген жоқ. Қазір латын графикасына негізделген әліпби жобасы мен емле ережелері пысықталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асанның айтуынша, жаңа әліпби мен оның емле ережелері тиісті нормативтік-құқықтық актілермен бекітілуі керек.

"Қазір латын графикасына негізделген әліпби жобасы мен емле ережелерін жетілдіріп жатырмыз. Бұл жобалар тиісті нормативтік-құқықтық актілермен бекітілмейінше, латын графикасының әртүрлі нұсқаларын қолдануға негіз жоқ. Осы бағытта тиісті ұйымдар жұмыс жүргізіп жатыр", – деді Эльмира Асан.

Алайда латын әліпбиіне көшу жұмыстарының қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Комитет өкілінің сөзінше, әліпбиді жетілдіру жалғасып жатыр, бірақ оны аяқтаудың нақты мерзімі бекітілмеген.

Латын графикасына көшудің түпкілікті мерзімі Үкіметтің тиісті тапсырмасынан кейін айқындалмақ.
 

Қарлығаш Асқарова
Сейсенбі, 08 Қыркүйек, 2026 15:03