Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт ашық-шашық киінген Жолдыбаеваны атышулы Байзақовамен салыстырды (фото)

Атың шықпаса жер өрте! Көптен бері көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева қайта оралды. Әнші әрі актриса елдің назарын аудару үшін ашық-шашық үлгідегі киіммен түскен суретін жариялады, деп жазады Stan.kz.

КешYou-де ән салып жүргенде Кәмшат заманауи бірақ өз орнын білетін қазақ қызы ретінде танылды. Жабық үлгідегі, әсіресе ұлттық нақыштағы киімдерді көп киді. Себебі топ продюсері Баян Мақсатқызының қыздарға қоятын қатал талабы сондай. Алайда жеке әнші ретінде бөлініп шыққан соң Кәмшат ерсі қылық көрсете бастады. Ашық-шашық үлгідегі киімдерді жиі киетін Жолдыбаева адал тыңдармандарының көңілін әлдеқашан қалдырған.

Күні кеше Жолдыбаева кезекті “өрескел” суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді. Шетел жұлдыздарына жиі еліктейтін Кәмшат бұл жолы да әдепсіз қылығымен желіні шулатты.

Омырауы, саны айдан анық көрініп тұрған суретке желі оқырмандары жағымсыз пікірді қарша боратты. Олар, тіпті, Кәмшатты қыздарды шешіндіріп, ақша тауып жүрген атышулы Байзақовамен салыстырды.

Иә, байқап отырғандарыңыздай, Жолдыбаеваның бұл суретіне әр секунд сайын пікірлер түсіп жатты. Алайда жұрттың сөзі шамына тисе керек-ті, Кәмшат пікірлерді түгел өшіріп тастаған.

Жіберіп алмаңыз:

Әйелімен ойнаған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)

Нұрлан Еспановтың ұлы мен Лидия Каденнің экс-келіні көңіл қосқан ба? (видео)

Сазгер: Заттыбек Көпбосынұлы уәдесін орындамай, телефон тұтқасын да көтермей қашып жүр

Ердос Қанаев жоғалтып алған әйелін 5 жыл дегенде әрең тапқан

Талқылау