Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрсін Ерманның шетелдік құдасы немересімен қазақ әніне билеп, көпшілікті тәнті етті

Танымал ақын, айтыскер Жүрсін Ерманның шетелдік құдасының немересімен билеген видеосы желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус – Жүрсін Ерманның Ардақ деген қызынан туған жиені Айдананың күйеуінің әкесі.

“Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустің немересі – жартылай қазақ. Баланың аты – Кай.
ДДСҰ басшысының ұлы Аммануил болса айтыскер ақын Жүрсін Ерманның Ардақ деген қызынан туған жиені Айданаға үйленген.
Айдана шетелде тұрса да, қазақтың төл мәдениеті мен өнерін ұмытпаған. Ән айтып, домбырамен күй де тартады. Ал атасына қазақ тілін үйретіп қойған.
Видеодан көргендеріңіздей, атасы мен немересі әнші Ұланғасыр Қамиевтің “Ямахау” әніне билеп жатыр", – деп жазылған видео астында.



Айта кетейік, айтыскер ақын да, ДДСҰ басшысы құда екенін растап, пікір берген еді.

"Менің Ардақ деген кіші қызым бар. Содан туған Айдана деген немере жиенім бар. Сол баланы мектепте оқып жүргенде тіл үйренсін деп Жаңа Зеландияға жібергенбіз. Сол жақта мектепті бітіргеннен кейін өзі Швейцариядағы академияға "қонақүй бизнесі" бойынша оқуға түскен. Одан кейін Испанияға барып, магистратурада оқыды. Ал 4 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебреисустың үлкен ұлына тұрмысқа шыққан. Қазір бір қызы бар", –  деген еді ақын. 

Еске салайық, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының құдасы екені белгілі болған еді. 

 

 

Талқылау