Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус қазақ тілін үйренетінін мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының басшысы Тедрос Гебрейесус алдағы уақытта қазақ тілін үйренетінін мәлімдеді. Айтуынша, немересіне байланысты осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

Тедрос

Тедрос Гебрейесус бұл туралы денсаулық сақтау министрімен кездесу барысында айтты.

"Бұған дейін мен Қазақстанда екі рет болғанмын. Бірінші рет 2017 жылы Алматыға келдім. Екінші рет келгенде алғашқы медицина-санитарлық комек көрсету бойынша конференция аясында белгілі дәрігер Төрегелді Шармановпен кездестім. Ол кезде менің отбасымды Қазақстанмен ештеңе байланыстырмайтын. 2022 жылы туыс атандық. Бұл үшін қуаныштымын. Мұнда менің құдам Дәулет Тұрлыханов тұрады. Демек, Қазақстан менің де үйім. Жақында немерем сөйлей бастайды. Сондықтан мен онымен туған тілінде сөйлесе алауым керек", – деді Тедрос. 

Алматыға ресми емес сапармен келген ДДСҰ басшысы Алматыдағы туыстарымен кездесіп, сыйлыққа шапан мен жылқы алған. 

Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының құдасы екені белгілі болған еді. 

Талқылау