Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналистер Қайрат Нұртастың атынан кітап шығарып эксперимент жасады: Жұрт әдебиетке емес, әншінің кітабына жүгірді

Кітап жазғанның барлығы жазушы емес. Бірақ жазушымын, жазамын дейтіндер көбейіп кетті. Көрген білгенін, немесе ата-бабасын әйгілеп тарихтан тартқылап бірдеңе жазып жүргендерден аяқ сүрінеді.

Тағлымға бет бұрғанның белгісі болар деп қуанатын шығарсыз. Сөйтсек, бүгінгінің жазушысымақтары өздері жазбайды екен. Ақшасын төлейді, жазғыштар жазып береді, деп хабарлайды Евразия арнасының сайты.

Рухани азықтың қып-қызыл бизнеске айналуына ешкім тоқтау салмайды. Ешкімге сен жазба деп айтпайсың ғой. Бірақ кеңес заманында көркемдік кеңестердің ықпалы күшті еді, иттің құлы итақай қалам ұстауға жүрексінетін. Қазіргі жағдайға келсек, тіпті жалдап жазғызған кітаптарын біреу оқи ма өзі деген де сұрақ туады.

Қазір өз өмірін өзгеге өнеге ету, көрген-білгенімен  кітап жазу арқылы бөлісу трендке айналды. Және сала мамандарының айтуынша дәл осындай туындыларға сұраныс өте жоғары! Алайда, бұл қаншалықты рас?! Оған көз жеткізу үшін біз бүгін шағын эксперимент өткіземіз! Ол үшін арнайы мынадай мұқаба ойлап таптық! Қазір мен бұл кітаптарды тұрғындарға саудалап, сұраныстың қарқынын байқап көрем!

– Кітап аламыз! Қайрат Нұртастың туындысы жарық көрді! Акциямен бар жоғы 1000 теңге!

Шаһардағы сауда орталықтарының бірі. Адам көп шоғырланған жерге арнайы келдік! Клиенттер көп күттірмеді.

-Өмір баяны! Жеткен жетістіктері!
-Қанша теңге?
-Мың теңге!

Бірі кітапты қолға алмастан, яки ойланбастан сұрағанымды берсе! Енді бірі…

“Мен бар ғой, ақшамды жұмсап қойдым! Әйтпесе алар едім”, деп өкінішін жеткізді.

Эксперименттің тиімділігін арттыру үшін дәл қарамақарсы бетке қазақ әдебиеті классиктерінің кітаптарын орналастырдық! Қорытындысы мынау!

«Махаббат қызық мол жылдар?»

-Ия.Ия.

-«Махаббат қызық мол жылдар» мынаның ішінде бар, үзіндісі! Үзіндісі дегенде осының ішінде…

Мен ұсынған туындыны сатып алуға жас та, жасамыс та жақындады! Ал, әдебиеттің алыптары жазған дүниені оқуға, көңілге тоқуға дені егде жастағы азаматтар құмартты. Жастар ше? Олар неге рухани азықтан алшақ?

Жазушы Дулат Исабеков мұны бірақ дүниемен түсіндіреді. Талғамның төмендігі. Ал, талғамды қалыптастыратын әлбетте нарық!

«Әркім қазір білгенін жаза бастады. Қазір жазушы емес адам жоқ сияқты Қазақстанда.Кешегі жәй ғана ауылда жүрген мұғалімдер өзі жайлы кітап шығарып жатыр.Бұрын ақындық дегеннің не екенін білмейтін өлеңді көрсе аллергиясы ұстайтын адамдар жұмыссыз қалғаннан кейін өлең жаза бастады. Барамын, аламын, келемін деген. Бәрін де ақша биледі» – жазушы Дулат Исабеков.

Драматургтың қаржы мәселесін қозғауы бекер емес.  Елде қазір 500-ге жуық кітап басумен айналысатын ұйым бар! Барлығыда жекеменшік! Бұл нені білдіреді? Ақшаң болса қалтаңда, не жазасың? Ал, таңда. Бизнестің бұл түрі белең алғандығы сонша салада тіпті арнайы қызметтер пайда болды. Интернетті ашаңыз, орныма кітап жазатын адам іздеймін деп жазыңыз!

– Қараңыз, бір бетте 1800 таңба бар! Құны 6000 теңге болады.

Ал, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов бұл проблеманың бір тұсы ғана дейді. Айтуынша саладағы мәселелерді шешуге заңнамалық тұрғыда араласу қажет. Кеңестік кезеңде «Көркемдік кеңес» деген бар еді. Яки жазушы я ақын туындысын басып шығармай тұрып, оның мазмұнын саралау осы топқа жүктелетін.

«Сол кездегі қалам қайраткерлерінің барлығы қолжазбаларын оқытып отырған. Қолжазба туралы пікірлерін естіп отырған. Соған байланысты қай жерін толықтыру керек. Қай жерін жөндеу керек. Сол толықтырулардың бәрі енгеннен кейін ғана ұсынылған» – дейді филология ғылымдарының доккторы Серік Негимов.
Тілші: Десе де, көп азамат бұл шешіммен келісе бермейді. Мәселен, журналист Дархан Әбдік «Көркемдік кеңесті» өткеннің сарқыншағы санайды.

«Көркемдік кеңес  не істеді? Көркемдік кеңес Булгаковтың Мастер и Маргаритасын өткізбеді.  Көркемдік кеңестің сапасы белгілі. Мемлекетке бағынса ол міндетті түрде ол мемлекеттің қолшоқпары болады. Ол тағы да идеолгияға айналдырады
Тілші: Оның айтуынша проблеманың түп-тамыры талғамда жатыр. Талғам қалыптасса, оқырманның интеллектуалды мәдениеті де өседі» – публицист Дархан Әбдік.

«Талғамды қалыптастыру үшін,  мектептен бастау керек. Мектептегі әдебиет пәнін өзгерту керек, методикасын. Біз ұлттық әдебиет дейміз де, тек қана қазақтың әдебиетін өзгерту керек дейміз де, талғамы бар талғамы жоқ тақырыптарды ұсына береміз. 10 классты бітірген кезде біздің балалар әдебиетті жақсы көріп емес, әдебиетті  жек көріп шығады. Өйткені, қинап оқытады. Сапасы жоқ нәрселерді» – публицист Дархан Әбдік.

Енді проблеманың екінші тұсына тоқтасақ. Туындыны жазу бар да сату бар. Бұл мәселені түсіну үшін шаһардағы кез-келген кітап дүкеніне кіріңізші! Бірнеше классик жазушының кітабынан басқа қазақша туынды таппай қиналасыз! Жаңашылдық жоқ па? Жоқ сол жаңашылдықты  жасайтын жазушы жоқ па? Драматург Дулат Исабековтың айтуынша бізде қаламы қарымды жазушылар жетеді. Тек…

« Мысалы мен кітабымды шығардым Москвадан. Баспа айтты кітабыңызды алып кетіңіз деді. Баспа өзіне алып қалатынын алып қалды, ал маған бергенін мен қайда жіберемін!? Менің оқырманға қоятын сұрағым осы. Мен сол кітапты қайда және кімге жіберем. Көшеге шығып өзім сатам ба?» – дейді жазушы Дулат Исабеков.

Десе де, бұл мемлекет тарапынан жазушыларға ешқандай қамқорлық жасалмайды деген сөз емес.  Жауапты ведомства жыл сайын арнайы комиссияның сараптауынан өткен жүздеген қаламгердің туындысын тегін шығарып береді.

«Былтырға дейін, мемлекеттік тапсырыспен шағатын кітаптардың саны 2000 дана болатын.  Былтырғы жылдан бастап біз 5000 данаға дейін көбейттік. Себебі, шалғайдағы кітапханаларды толықтыру үшін» – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспа ісі басқармасының басшысы Нұрасыл Тоғызбаев.

Алайда бұл туындыларды көпке тарату жағы кітапханадан аспай отыр.
«Сосын кітап таралуы деген баяғыда міндетті түрде үлкен құрылым болатын! Каз потреп союз бен және қазақ кітап. Осы екеуі шыққан кітаптарды талап алып кетеді. Өздерінің системасы арқылы оу ауылдағы шабандардың атарына дейін алып барады» – дейді жазушы Дулат Исабеков.

Салдарынан қазір көп жазушы оқырманын, ал оқырман жазушысын іздеп жүр!

Тағы да оқыңыз:

“Арман” киносының анайы тілі жаншошырлық: Журналист Қайрат Нұртастың киносын сынға алды

Жаназа шығарғылары кеп тұратын “табытқағарлар” ма дерсің: Сәуле Әбединова мешіт имамдарына сын айтты

Таразда 15 жылға сотталған «Бамбук» лақап атымен белгілі атышулы полицей бостандыққа шықты

Талқылау