Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігінің жарылып кеткенін хабарлады
Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігінің жарылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вадим Борейко жариялған сурет
"20 ақпанда түнде операторымның үйінің жанында оның екі көлігі жарылып кетті", – деп жазды журналист өзінің Facebook парақшасында.
Ол өз жазбасына өртеніп жатқан көліктерді сөндіру кезінде түсірілген бейнежазбасын қоса жариялаған.
- "Есікті жауып, өртегісі келді деп ойлаймын": Белгісіз біреулер журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне монтаждау көбігін құйып кеткен
- Тоқаев журналистерге қастандық жасауға тапсырыс бергендерді табуды тапсырды
Вадим Борейко – Қазақстанда танымал журналист-зерттеуші, 2019 жылдан бері YouТube желісіндегі "Гиперборей" арнасының авторы. Қазір 250 мыңға жуық жазылушысы бар арнада деректі фильмдер, зерттеулер, саяси-экономикалық және әлеуметтік тақырыптарда сұхбаттар жарияланып келеді. 46 жыл журналистикада жүрген Борейко бұл шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"