Журналист: Қатар футболдан Экуадор құрамасының сегіз ойыншысына пара берген
Қатар футболдан әлем чемпионатының бірінше матчында жеңіске жету үшін Экуадордың сегіз ойыншысына пара берген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Marca газетіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты журналист, саяси сарапшы, Британ Таяу Шығысты зерттеу орталығының аймақтық басшысы Амджаж Таха таратқан. Оның сөзінше, Қатар Экуадордың ойыншылары олардан жеңіліп қалсын деп сегіз футболшыға 7,4 миллион доллар берген. Келісімге сай, Экуадор ойыншылары Қатардан 0:1 есебімен жеңіліп қалуы керек.
“Бұл ақпаратты Қатар және Эуадордағы бес дереккөз растап отыр. Мұның бәрі өтірік болсын деп үміттенеміз. Осы хабар тарағаннан кейін матч нәтижесі өзгереді деп ойлаймыз. Әлем ФИФА-дағы жемқорлыққа қарсы тұруы керек”, – деп жазды журналист әлеуметтік желіде.
Футболдан әлем чемпионаты Қатарда 20 қараша және 18 желтоқсан аралығында өтеді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен

