Журналист: Әйелдер күйеуінен пәк күйінде тұрмысқа шықпаған соң таяқ жейді

Қазақстандық журналист Жеңіс Құспан әйелдердің не себепті күйеуінен көп таяқ жейтінін айтты. Ол зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздардың өзі кінәлі деген пікір айтты. 

"Қазақ айтады "басқа бәле - тілден" дейді. Бірақ мұның әйел мен ер арасындағы дау-дамауға аса қатысы жоқ деп ойлаймын. Себебі әйелдің мінезі қанша жаман болса да, ер адам оған қол көтере бермейді деп ойлаймын. Тек бір шапалақ берер. Ал негізгі себебі, қыздардың пәк болып тұрмысқа шықпауында. Мәселен, жігіт қызды сүйіп алады. Оның пәк емес екенін білсе де көнеді. Кейін сонысы есіне түскенде, қызғаныш кернейді, ызасы келеді. Сол себепті жұдырық ала жүгіреді. Ал, қыз өз кінәсін сезгендіктен таяққа көніп жүре береді. Таяқ жей берген соң еті өліп, еті үйреніп кетеді. Солай бірге өмір сүре береді. Бұл насырға шапса, күйеуі әйелін өлітіріп алуы да мүмкін, - дейді ол. 

Жеңіс Құспанның айтуынша, осында келеңсіздіктің орнын толтыру үшін қыз тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Қызды барған жеріне пәк болып баруы тиіс екенін санасына құю керек. Оны отбасындағы маңыздылығын айту керек. Қазіргі қыздардың бәрі болмаса да, 50 пайызы пәк емес күйде тұрмысқа шығып жатыр", - деп жазды. 

"Зорлық-зомбылықты жақсы көретіндердің тағы біреуі шықты. Ол қыздардың 50 пайызы күйеуінен таяқ жегені үшін өзі кінәлі. Себебі тұрмысқа пәк емес күйде шығады. Өз кінәсін білген соң үндемей жүре береді. 

Бұны айтып отырған журналист, блогер. Мынадай адам миына қонбайтын дүниені тағы қайда айтқан? Қай баысылымдар жариялап үлгерді? Бұндай пікір үшін сотқа беру керек емес пе? Қалай ойлайсыздар?", - деп жазды "Не молчи" қоғамдық қоры желіде. 

"Оны жоққа шығаруға болмас. Дегенмен... Пәк болып шықса да,таяқтан көз ашпай, соры қайнаған қанша қатынды білемін. Ал, қыз кезінде қанша "шайқаса" да, жақсы жігітке күйеуге шығып, тәуір отбасы боп өмір сүріп жатқандар бар немесе сонысына қарамай билеп- төстеп, елге ақыл айтып, ақылгөйсіген " сылқымдарды" да көріп жүрміз ғой?! Мәселе онда емес дер ойлаймын. Мәселе тәрбиеде. Надандықта. Неге ?! Бала көргенін жасайды. Оқып- білгенін, көргенін кқкеціне тоқи білген адам ешуақытта бассыздыққа бармайды".

"Әйел болып өмір сүрмеген соң, бөтен босағаға барып, бөтен отбасына сіңіп өмір сүрмеген соң, қазақша айтқанда "оттай" бермеу керек қой... Юбка бітіп, енді "етек түгендеудің" әңгімесі басталды ма. Осы еркектерге таң қалам".

"Мен бұрын дәл осылай ойлайтынмын, бірақ өмірде олай емес екен, пәк боп тиіп қорлық көріп таяқ жеп жүргендер де көп, пәктігін айтпағанда баламен бойдаққа тиіп шалқып отырғандар да көп", - деп жазды желі қолданушылары.


"Қалаулым" қатысушылары: Біз жақта әлі де жаңа түскен келіннің "пәктігін" тексеретін дәстүр бар


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр