"Қалаулым" қатысушылары: Біз жақта әлі де жаңа түскен келіннің "пәктігін" тексеретін дәстүр бар

"Қалаулым" бағдарламасының бұрынғы қатысушылары "қыздың пәк болу қаншалық маңызды?" деген тақырыпта пікір-талас өткізді. Айтуларынша қазіргі 2006 жылы туған қыздардың өзі пәк емес. Оған кім кінәлі?

Бұл туралы Мұхит Сапарбаевпен болған сұхбатта айтылды.

Қалаулымның экс-қатысушылары қазіргі қоғамдағы үлкен проблемалардың бір - қыздардың жігіттермен жақындасып кеткені, ерте бастан етегінің түрілуі. 

"Қазіргі кезде статистика сүйене отырып айтатын болсам, 2005-2006 жылы туған қыздардың өзі пәк емес. Оған әр түрлі себептерді атауға болады. Бііншіден ата-ананың тәрбиесі, екіншіден опасыз жігіттердің жауапсыздығы, үшіншіден қыздың жауапсыздығы. Қызды иманды етіп тәрбиелесе, ерте бастан ұят дегенді түсіндірсе, қыздың барған жерінде пәк болу маңызды екенін үғындырса деймін", - деді Ұлдана.

Ал, Ілияс Бордатханов өзі жүріп жүрген қызбен жақын қатынаста болсам да, пәк қызға үйленем деген ұстанымда. 

"Мен қызбен төсек үшін жүре беруім мүмкін. Бірақ ол қызға үйленбеймін. Себебі маған пәк қыз әйел болу керек. Қанша мінезі жаман болса, қанша жерден әйел болуға лайықты емес қыз болса да, маған пәк болғаны маңызды. Себебі біз өзімшіл пендеміз. Соңында жеке қара басымызды ойлаймыз", - деді ол.

Қатысушылардың айтуынша, Қазақстанның кей өңірінде жаңа түскен келіннің пәктігін тексеретін дәстүр әлі сақталған. Неке түнінен кейін күйеу жігіттің жеңгелері келіннің төсегін тексеріп, пәктігін анықтайды. Егер пәк екені расталса, ата-анасынан сүйінші сұрайды. Ал, керісінше болса, қара күйе етіп, бетіне басады", - дейді олар. 

Ұлдана есімді қатысушының айтуынша, өзі 21 жасында пәк күйінде тұрмысқа шыққан. Алайда ол кезде пәк болу немесе пәк емес болу дегенді ажырата алмаған. Қазіргі кезбен салыстыратын болса, пәк күйінде тұрмысқа шығу - мақтанышпен бірдей. Онымен мақтануға тұрарлық. Себебі көп қыз тұрмысқа дейін жігіттермен жақын болады. 

Бүгінде жігіттерге алданып қалып, етегі түріліп, жасанды пәктік жасатып, түрлі амал жасап жататын жағдайлар аз емес. Бұған кім кінәлі? Қыз баласын үлкен өмірге дайындамаған ана ма? Қарындасындай қарамаған жігіттер ме? Қыздың өзіндік жауапсыздығы ма? Қызды қырық үйден тыя алмаған қоғам кінәлі ме? Сіз қалай ойлайсыз, оқырман? 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр