Жүргізуші ұялы телефонға алаңдаған: Оралда жол апатынан 17 жастағы мопед жолаушысы көз жұмды
Оралда микроавтобус жүргізушісі ұялы телефонға қараймын деп жол апатына ұшырады. Апаттан мопедте отырған жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутер жолаушысы – 17 жастағы жасөспірім жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Скутер жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға түссе, жеңіл көлік жолаушылары дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды.
Медициналық сараптама нәтижесі бойынша, микроавтобус жүргізушісі сау болған. Болжам бойынша, микроавтобус жүргізушісі қозғалыс барысында ұялы телефонға қараған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді