Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда түнгі ауысымда жол жөндеп жүрген жұмысшыны көлік қағып кетті

Ақтауда 25 маусымда түнде 62 жастағы  "Қала жолдары" қызметкері жолға белгі қойып жүрген кезде Toyota Alphard автокөлігінің соқтығысуынан зардап шекті. Дәрігерлер ер адамның жағдайының ауыр екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға “29 а” ықшамауданында қызметкердің жолға белгі салып жатқан кезінде болған.

“25 маусым күні сағат 22: 30-да "102" кезекші пультіне "Бак Сарай"мейрамханасына қарама-қарсы бағыттағы жол-көлік оқиғасына байланысты шақыру түсті. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі жолдағы кедергілерге мән бермеуінің салдарынан белгі салып жүрген жұмыскерді қағып кеткен. Апат салдарынан зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді”, - деп хабарлады Маңғыстау облысының полициясы.



Ер адам көптеген дене жарақатын алған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

“Дәрігерлер зардап шегушіде ашық бас сүйек ми жарақаты, бас сүйек негізінің сынуы, мидың ауыр дәрежедегі контузиясы, эпидуральды қан кету, субарахноидальды қан кету, бет сүйектерінің бірнеше сынуы, жоғарғы жақтың, мұрын сүйектерінің сынуы, сол жақ гумерустың сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақтағы екі қабырғаның жабық сынуы диагнозы қойылды”,-деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.

Талқылау