Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жүрекке зиян бес өнім анықталды

Фото:  Freepik

Кардиолог Магдалена Перельо диета ұстау жүрек саулығына айтарлықтай әсер ететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі La Razon басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маманның айтуынша, өңделген ет құрамында көп мөлшерде тұз, қаныққан май және консерванттар бар. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруының қаупін арттырады.

Тәтті сусындардың құрамында көп қант бар. Бұл дене салмағын арттырып, жүрек ауруларын тудырады. 



Печенье, тоқаш пен чипсыда кездесетін транс майлары холестерин деңгейін көтеріп, қан тамырларының қабынуын тудырады.

Ақ нан қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады. Ол уақыт өте келе артерияларды зақымдап, метаболикалық синдромның, 2 типті қант диабетінің және жүрек ауруларының дамуына ықпал етуі мүмкін.

Тұз ағзадағы сұйықтықты сақтап, бұл қан қысымының жоғарылауына әкеледі.

Айта кетейік, бұған дейін Дәрігер кофе қай кезде пайдалы, қай кезде ағзаға улы болатынын ажыратып айтқаны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 10 Мамыр, 2025 19:11
Талқылау