Шымкентте оқушы қыз сабақ кезінде өзіне қол жұмсады
Қайғылы оқиға 6 ақпанда “Низамхан” атындағы жекеменшік мектепте болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: fotoxcom.ru
8-сынып оқитын қыз бірінші сабақта өзін нашар сезінген.
Директордың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келген. Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы қыз бір уыс таблетка ішіп, жансақтау бөліміне түскен. Түскі ас кезінде оның көз жұмғаны белгілі болды.
"Оқушы ауырып қалды. Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ не болғанын білмедік. Сосын оның 40 шақты жүрекке арналған таблетка ішіп, мектепке келгенін айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыз сыныптастарымен жақсы араласты, ешкімге реніші болмады. Сынып түгел дерлік 79 мектептен ауысып келген. Мектепте бұзақылық туралы сөз балмады", – деді "Низамхан" жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.
Директордың айтуынша, бұл қыздың өзіне қол жұмсау әрекетінің біріншісі емес. Қараша айынан бері психологтар оқушы қызбен жұмыс істеп келген.