Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрек жұмысына қауіп төндіретін тәттілер анықталды

Швециядағы Лунд университетінің ғалымдары шоколад және кондитерлік өнімдерді тұтыну қантты сусындарға қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырмайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Frontiers in Public Health басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Ғалымдар жүргізген екі зерттеуге 69 мың 705 адам қатысты. Қатысушылар швед маммографиялық когорты және швед ерлер когорты қант түрлерінің жүрек пен қан тамырларына әсерін зерттеу үшін пайдаланылды. Зерттеу 1997-2009 жылдар аралығын қамтыды.

Қатысушылардан дұрыс тамақтану, диета туралы сұралды. Бұл ғалымдарға қантты тұтыну мен жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеушілер қант тұтынуды үш санатқа бөлді:

  • Қант қосылған (бал, сироптар);
  • кондитерлік өнімдер (шоколад, нан өнімдері);
  • Тәтті сусындар (газды сусын мен шырын).

Талдау қантты сусындарды ішудің ишемиялық инсульт, жүрек жеткіліксіздігі, жүрекшелердің фибрилляциясы және абдоминальды аорта аневризмасы сияқты аурулардың қаупін арттыратынын анықтады.

Керісінше, кондитерлік өнімдерді анда-санда тұтынатын адамдардың жүрек-қан тамырларының жұмысы жақсы болды. Бұл тәттілер түрінде қантты қалыпты тұтыну денсаулыққа елеулі қауіп төндірмейтінін көрсетеді.

Бір таңқаларлығы, жүрек-қан тамырлары ауруларының ең жоғары қаупі диеталарында қанттың аз мөлшері бар қатысушылардан анықталды. Ғалымдардың болжамынша, бұл адамдар бұрыннан  қатаң диета ұстанған болуы мүмкін.

Талқылау