Жошы Ханның кесенесіне ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облысында Алтын орда дәуірінен  қалған Жошы хан кесенесінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сәулетшілер тарихи маңызды нысанды қалпына келтіріп қана қоймай,  осы маңда әлемде теңдесі жоқ туристік кластер салмақшы. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлытау төсіндегі Жошы хан кесенесі осымен төртінші рет қайта жөндеуден өтіп жатыр.  Бұл жолғысы ауқымды. Құрылысшылар нысан  қабырғасын тіпті сол 12  ғасырдағыдай етіп қызыл кірпіштен қалапты.

"Көлемі сәл үлкен демесеңіз  арқаның  ауа райына төзіп, талай ғасыр тұрады", - дейді мамандар.

"Біраз уақытқа шыдайтын етіп,  мықтылығы ғасырларға жететіндей қылып салып жатырмыз. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүріп  жатыр. Терезелері қойылған", - деді этно-тарихи кешен жобасының авторы Білім Ыбыраев.

Шыңғыс ханның үлкен ұлы - Жошының  кесенесі Алтын орда дәуірінен бізге жеткен ең танымал тарихи мұрағаттардың  бірі. Содан болар бұл нысанға президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың да ынтасы ерекше.

"Ұлытау- этнографиялық туризмнің халықаралық деңгейдегі орталығы атануы тиіс. Құрылыс жұмыстары Алтын орданың 750 жылдығы аясында атқарылады. Сол дәуірдің негізін қалаушы - Жошы ханның тарихи тұлға ретіндегі маңыздылығын әлемге танытуымыз керек",  - деді мемлекет басшысы.

Президент пәрменінен кейін жоба жетекшілері кесененің тек  іші сыртын жөндеп қана қоймай маңына өзге де нысандар салып, бұл жерді  бүтін бір туристік кластерге айналдыру керек деп шешіпті.  Жасыл желекті аймақ, тарихи кешен, одан  қалды Жошы ханның шатыр астында отырған ескерткіші де жуық арада осы жерден бой көтермек. Туристер үшін қонақ үй,  шағын дүкен мен асхана да салынбақшы.  

"Үлкен ауқымды қайта қалпына келтіру  жұмыстары  өтіп жатры. Жалпы Жошы  хан кесенесінің тарихына келер  болсақ,  1947 жылы профессор  Герасимовтың кезінен  бастап,  содан кейін 1976 жылы, 1998 жылы реставрация болды ол кезде күмбезді қалап шықты. 2012 жылы абаттандыру
жұмыстары жүргізілді", - деді бас мердігер Әнуар Төлебаев.

Алдағы жылы тарихи кешеннің құрылысы толық аяқталмақ. Нысан бір мезетте 300-ге жуық туристі қабылдай алады. Жыл он екі ай жұмыс істейтін кешен Қарағанды облысының ғана емес, бүкіл қазақ елінің көзайымына айналары сөзсіз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр