Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолымды жапты: Нағима Есқалиева қысқа киім кигені үшін өзін эфирден алып тастағанын айтты

Халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауындағы Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнін көпшілік әлі күнге дейін сүйіп тыңдайды. Алайда қазақтың батыр қызына арналған танымал әнді ең алғаш орындаған Нағима Есқалиева екенін көбі біле бермейді.

Нағима Есқалиева

Бұл туралы  Gakku арнасының «Если честно» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жас шағына еске алған Нағима Есқалиева «Әлия» әнін алғаш орындап шыққан кезі туралы айтты.

«Бұл туралы көп жазылған еді. Мен қорқамын. Мен қайтадан сөгетін болса ше?» – дейді халық әртісі.

Өз сөзінде әнші өзін қысқа белдемше кигені үшін эфирден алып тастағанын еске алды. Бұл бір саясат болатын, дейді Есқалиева.

«Бұл патриоттық әндер байқауы болды ғой деймін. Целиноградта өтті. Сол кезде осы әнді орындап шықтым. Алайда мені эфирден кесіп тастады. Себебі мен «қысқа» белдемше киген едім. Артынша қандай да бір бағдарламада Роза Рымбаеваны көрсетті. Ол да қысқа белдемше киген еді. Бұл бір саясат болатын. Мені алып тастағысы келді», – дейді халық әртісі.

Сонымен қатар Нағима Есқалиева өзінің жолын жабуға да тырысқанын жасырмады.

«Мені үкіметтің, мерейтойлық концерттерге, Мәскеуде, Кеңес Одағындағы қалаларда үкімет деңгейінде өткен концерттерге қоспайтын. Себебі мен қалалық едім. Мені қабылдамады. Егер Мәскеу, «С песней по жизни» байқауы болмағанда…» – дейді әнші Нағима Есқалиева.

Айта кетсек, бұған дейін Нағима Есқалиева өнердегі әріптесі Ділназ Ахмадиеваны «өте жиіркенішті» деп атаған еді. Сондай-ақ, Ернар Айдарды «той әншісі» деп бағалағаны үшін сын астында қалған Роза Рымбаеваны жақтап шықты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Stan.kz
Сейсенбі, 28 Тамыз, 2018 13:32