Жолда қалған жолаушыларға көмектескен қазақстандық соттан бір-ақ шықты
Батыс Қазақстан облысының аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Мұның бәрі ер адамның қолайсыз ауа-райында жолда қалған екі жолаушыны ала кетуінен басталды. Бұл туралы Stan.kz деп хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Азамат жергілікті атқарушы органға такси тасымалдаушысы ретінде тіркелмей, осындай қызмет түрін орындады деп айыпталды.
"Сот жүргізуші М такси тасымалдаушысы ретінде қызмет атқармағанын, бірақ қолайсыз ауа-райы кезінде жолда қалып қойған екі жолаушыны қалаға алып келгенін, олардан төлем алмағанын анықтады. Сотта сұхбаттасқан куәгерлер бұл фактіні растады. Сонымен қатар азамат М-ға қатысты құқық бұзушылық жасағаны туралы дәлел сотқа берілмеген", – деп хабарлады сот өкілдері.
Азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.
Бұған дейін Қайрат Сатылбалдыұлының қылмыстық ісіне қатысты 44,6 миллиард теңге мемлекетке қайтарылғанын жазған едік.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”