Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, оның құлаған сәті видеоға түсіп қалған (видео)
Ресейде Ненец автономды округында Ан-2 ұшағы жерге құлап, 3 адам қаза тапты. Ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Ан-2 ұшағы Нарьян-Мардан Харута ауылына аттанып, әуежайдан ұшқан бойда құлаған. Бортта екі экипаж мүшесі мен он бір жолаушы болған. Олар ІІМ округтік басқарма қызметкерлері мен ресурстар, экология және агроөнеркәсіп кешені басшысы.
Соңғы деректерге сүйенсек, борттағы 3 адам қаза тапты. Олар: Олимпиада- 2014 алаушысы және Красное кенті бұғы бригадасының бригадирі Игорь Ледков, 30 жастағы әйел адам және 4 жасар бала.Қалғандары әртүрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Ресейдің тергеу комитеті ұшақ апатының 3 себебі болуы мүмкін екенін айтты. Олар: қолайсыз ауа-райы, қауіпсіздік ережесінің бұзылуы және қозғалтқыштың істен шығуы. Ауданда 20 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді