Жол апатынан қаза болған қазақстандық блогердің үшінші перзенті дүниеге келді
Наурыз айында жол апатынан қаза болған блогер Дәулет Бейсенбектің үшінші перзенті дүниеге келді. Оның жұбайы 25 мамыр күні қыз босанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Замира Исмаилованы Дәулеттің жақындары перзентханадан шығарып алды. Ол қызын Данэлия деп атаған.
"Қызымыздың атын ұзақ таңдаған жоқпын. Біз соңғы сәтке дейін кімді күтіп жүргенімізді білмедік. Дәулет екеуміз неге екені белгісіз, ұл болады деп ойладық. Бірақ есімін таңдамадық.
Ал Айяның есімін қоярда Дәулетке Данэлия деген есім ұнағаны есімде. Маған Ария деген ат ұнады, бірақ ақырында біз Айяны таңдадық. Сондықтан мен қызымызды қалай атайтынымды бірден білдім", – деп бөлісті марқұмның жесірі.
Замира жеңіл босанғанын айтады. Айтуынша, оны "күйеуінің рухы қолдаған".
"Алла жеңілдігін берді. Бір қызық сезім болды. Құдды Дәулет қасымда сияқты. Әрдайым солай сезінемін. Ол барлық жерде маған көмектеседі", – дейді әйел.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған