Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан тұрғыны бұланның кесірінен бес баласымен жол апатына түсті

Елорда тұрғыны “ҚазАвтоЖол”-мен соттасып, істі жеңген. Жол көлік оқиғасы халық арасында резонанс тудырды. Әйел тас жол бойымен Петропавл-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша келе жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

Көлік салонында бес бала болған. Кенеттен жолға бір тобыр бұлан шыға келді. Бұланның бірін жүргізуші қағып өлтірген, бұрылып үлгеріп, қоршалған аймақты бұзып өткен. Ұлттық компания өкілдері оқиға орнына келіп келтірілген залалды бағалай бастаған. 3 миллион теңге айыппұл жазып берген. 

“ҚазАвтоЖол”-ға бардым, сотқа дейін жеткізбей бейбіт түрде шешпек болдым, бірақ мені қуып шығарды. Аңға зиян келтірдің деп қомақты айыппұл салды. Мені қауіпсіздік шараларын сақтамадың деп кінәлады”, – дейді жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Гүлназ Сәкенқызы.



Сотта Гүлназ толықтай ақталып шықты, алайда жолға жауапты компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Басты себеп – тас жолында қауіпсіздік шаралары сақталмаған делінді. 

“Жабайы аңдар мен үй малдарының жолға шығуына бөгет болатын қоршаулар жоқ. “Жабайы аңдар” деген белгілер тұрған, бірақ барлық жерде емес. Осы апаттан соң жол қызметкерлерлері мұны қолға алған”, – дейді адвокат Ерлан Қабиев. 

Талқылау