AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

"Дәрінің кесірінен көзім ілініп кетті": Алматыда жол апатына себепкер болған жүргізуші вакцинаны кінәлады

Алматыда жол апатын жасап, анасы мен қызының ауруханаға түсуіне себепкер болған жүргізуші вакцинаны кінәлады. Көлікті тізгіндемес бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған жігіт дәрінің кесірінен ұйықтап кеттім дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп хабарлайды.

"Мерседес бенц" көлігін тізгіндеген 23 жастағы жігіт қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан "Фольксваген туарегпен" бетпе-бет соқтығысқан. Рөлдегі әйел мен қасында отырған 13 жасар қызы жарақаттанды. Жүргізуші өзін кінәлі санамайды. Вакцина салдырған соң "дәрінің кесірінен көзім ілініп кетті" дейді.

“Осындай жағдайға алып келген – вакцинаның әсері. Менде осы уақытқа дейін ондай жағдай мүлдем болмаған – ұйықтау деген”, – дейді ол.



Вакцинаны ол күндіз сағат 10-да алған. Ал жол апаты кешке сағат 10-да болған. Жол апаты екпенің кінәсінен бе, әлде жүргізушінің қулығы ма, оны полиция тексеріп жатыр. Ал жол апатында зардап шеккен ана да, бала да ауруханада  жатыр.

“Балаға көмек көрсеткеннен кейін нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Қазір жағдайы орташа ауыр.Тұрақты емін алып жатыр. Әлі де бір апта уақыт бізде стационарлық көмекте болады”, – дейді Балалар шұғыл медициналық жәрде орталығының реаниматолог-анестезиолог дәрігері Алуа Жексенова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр