Жоғалып кеткен "Мисс Қызылорда - 2017" Тараздан табылды
Алматыда іздеу жарияланған "Қазақстан аруы-2019" байқауының финалисті Тараз қаласынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция басқармасы қыздың аман-есен табылғанын хабарлады.
"Анықталғандай, қыз бір күн бұрын ешкімге ескертпестен, Тараз қаласына кетіп қалған. Қыз жақындарымен байланысқа шықты. Ол аман-есен, жағдайы жақсы", - деп хабарлады полиция департаменті.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде "Қазақстан аруы – 2019" байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазинаның жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды.
Кеше кешкісін Алатау облысының полиция бөліміне қыздың жоғалып кеткені туралы мәлімдеме келіп түсті. Өздеріңіз білетіндей, Гүлнұр Нұртаза - "Мисс Қызылорда-2017" байқауының жеңімпазы болған. Қазір ол Алматы қаласында жұмыс істейді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген